Қайғылы оқиға

Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі өзеннің түбінен табылды

Экспресс К

instagram

26 наурызда үйден шығып кеткен 16 жастағы Сергей Лукьяновты төрт күн бойы іздеген.

Облыстық полиция жасөспірімнің өлімін растады, деп хабарлайды Экспресс К Instagram-дағы @rozysk_kz парақшасына сілтеме жасап.

Еске салайық, 27 наурызда Тобыл өзенінің жағасындағы Кәріс көпірі маңынан оның заттары табылды. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер жұмылдырылды. Бүгін олар өзеннің түбінен жасөспірімнің денесін тапты,

— делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, "Вконтакте" әлеуметтік желісінен марқұмның өлер алдындағы хаты табылған. Тергеу мүддесі өзге ақпарат жарияланбады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров