Жылу

Степногор жылу электр орталығында жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілмек

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Степногор ЖЭО-на жоспардан тыс тексеру тағайындады.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Тексеру жұмыстарына жылу электр орталығындағы апат себеп болған.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні Степногордегі жылу электр станциясындағы екі бірдей энергетикалық қазандық істен шыққан болатын.

Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады. Анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы хабарланатын болады,

— деп мәлімдеді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Степногорск ЖЭО-да 4 қазандық пен 3 турбина жұмыс істеп тұр.

Станцияның генерациясы 64 МВт, жылу желілерінің температуралық режимі сақталып тұр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров