Ауа райы

Синоптиктер: "Қазақстанда күн жылынады"

Экспресс К

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Соңғы күндері соққан боранның екіпіні бәсеңдеді. Еліміздің басым бөлігінде күн жылынады.

Республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, жауын-шашын тоқтайды, деп хабарлайды Экспресс К Қазгидромет ауа райын болжау орталығына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Батыстан келетін антициклон есебінен еліміздің барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі.

Күндіз батыста термометрлер +10 +20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста +5 +13 градусқа дейін, ал оңтүстікте +15 +23 градусқа дейін жетеді.

Тек Маңғыстау облысының шығысы мен орталығында шаңды дауыл соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан көліктерін ағаштардың жанынан алып тастауды, жел кезінде үйлердің жанында тұрмауын, қажетсіз сыртқа шықпауын сұрайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров