Есірткі

ҰҚК қызметкерлері құны 50 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі

Экспресс К

ҰҚК баспасөз қызметі

2022 жылғы 18 наурызда Шымкент қаласында Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды.

Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 келіден артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды.

Тәркіленген есірткінің "қара нарықтағы" құны 50 миллион теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚК 297-бабы 3-бөліміне сәйкес СТБТ-ға тіркелді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров