GGG
GGG Жапонияға аттанды


Іnstagram.com/gggboxing
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға аттанды.
Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.
GGG әлеуметтік желіге ағасы Максим Головкинмен түскен суретін жариялап, "Көріскенше, Жапония!" деген жазба қалдырды.


twitter.com/GGGBoxing
Қазақстандық боксшы көптен күткен жекпе-жекке дайындықты бастап кетті.
Айта кетейік, 9 сәуір күні Головкин Жапонияның Сайтама қаласында WBA Super титулының иегері Риота Муратамен айқасады. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жекке орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белдіктерін тігеді.
Бөлісу