Атырау облысында бір ауылды су алды


Видеодан кадр
Атырау облысы Сағыз ауылын су басты.
Өзен арнасы толып, су ауылды басып кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылын су басу 30 наурызда басталған. Ноғайты өзені арнасынан асып, су алты мыңнан астам халық тұратын ауылға кірген. Тұрғындардың айтуынша, халық ауылдағы мектепке орналасып жатыр.
Ауламызды тізеден келетін су басты. Құжаттар мен киімдерді жинап қойдық. Кішкентай баланы қауіпсіз ауылға апарып тастадық. Су тіпті тоқ стансасына дейін жеткен. Жарық сөніп қалуы мүмкін. Бір күнде ауылдың астан-кестені шықты,
Тұрғындар, көктемгі су тасқынына дайындалмаған әкімдікке наразы. Тіпті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті де, облыстық әкімдік те тұрғындарға су тасқыны туралы ескертпеген.
Көктемге дайын болмай шықты. Осыған дейін не бітірді? Дамбадағы су да тасуы мүмкін. Ауыл толығымен су астына қалуы мүмкін,
Оқи отырыңыз:
Облыстық әкімдіктегілер бірнеше үйді су басқанын растады.
Қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің адамдарын қауіпсіз жерге көшіруді қолға алдық. Бөгет қоюға еріктілер де тартылды,
Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзені жыл басталғалы бері үшінші рет тасуда.
Бөлісу