Delta Bank

Forbes тізіміндегі тағы бір қазақстандық олигархтың қылмысы әшкереленді

Есен ҮРКІМБАЙ

Pixabay

Қаржылық мониторинг агенттігі Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады. Олар 200 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген.

Delta Bank-тың күдікке ілінген басшыларына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Тергеу кезінде банк басшылары мен олардың жақындарына тиесілі құны 48 миллиард теңге болатын мүлік тәркіленді. Олардың ішінде бес қант зауыты, жиырмадан астам жер телімі, 70 жылжымайтын мүлік және 40 автокөлік бар.

LS-тің жазуынша, сонымен қатар БАӘ, Ресей, Латвия және Чехия елдеріндегі активтері де бұғатталды.

Нұрлан ТілеубаевНұрлан Тілеубаев
Нұрлан Тілеубаев

2012-2017 жылдар аралығында ірі акционер Нұрлан Тілеубаев банк қаражатын қайтарымсыз несие беру арқылы шығарғаны белгілі болды. Қылмыс салдарынан 200 миллиард теңге, 200 миллион доллар және 4 миллион еуро залал келді,

— деді Қаржылық бақылау агенттігінің өкілдері.

Қазіргі уақытта жүргізілген қылмыстық істің қорытындысы сотқа жолданып, күдікке ілінген лауазымды тұлғалар қамауда отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров