GGG
Головкин-Мурата жекпе-жегінде кім фаворит?


Геннадий Головкин / Риота Мурата / instagram
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек 9 сәуірде өтеді. Букмекерлер қос боксшыға бәс қабылдауды бастады.
Букмекерлер бұл жекпе-жекте Головкиннің жеңіске жететініне сенімді, деп хабарлайды Экспресс К.
Жапонияның Сайтама қаласында өтетін Головкин мен Мурата жекпе-жегіне букмекерлер өз коэффициенттерін ұсынып үлгерді. Олар GGG жеңеді дегенге — 1,19, Муратының жеңісіне — 5,3, ал қос боксшы тең түседі дегенге — 21 коэффициент берген.
Оқи отырыңыз:
Генадий Головкин бұл жекпе-жекте Муратадан басым түссе, оның келесі қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес болмақ. Трилогияның нүктесін қою үшін Альварес те мамырдағы кездесуінде жеңуі тиіс. Оның қарсыласы — ресейлік Дмитрий Бивол.
Экспресс К Генадий Головкин туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.
Бөлісу