Сенат

Сенатор Қазақстан неліктен Ресеймен бәсекелесе алмай отырғанын айтты

Бек ТӨЛЕУОВ

Мұрат Бақтиярұлы

Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері Еуразиялық экономикалық одаққа енген Ресей, Беларусь елдерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бәсекеге түсе алмай отыр.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы мұның себебін Қазақстан агробанктің болмауымен байланыстырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Мұндай мәселе жақында сенаторлардың Қызылорда облысына барған жұмыс сапары кезінде көтеріліпті.

Өйткені, бұл елдерде шаруаларының жері мен мүлкін кепілдікке алып, ұзақ мерзімге арзан несие беретін бөлімшелері барлық аудандарда орналасқан Агробанктері жұмыс істейді. Сондықтан Қазақстанда да арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылық банкі керек,

— дейді депутат.

Қызылорда облысының диқандары күріш бойынша еліміздің ішкі нарық сұранысының 80 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Бірақ соңғы кездері жұмыс істеу қиындап кеткен. Аудандағы суармалы жерлердің жағдайы өте нашар. Ол жерлерде су құбыры мен кәріз жүйесі тиісті қаржыландырудың жоқтығынан уақытында тазартылмайды. Бұл құбырлардың қоқысқа толып кетуі мен шамадан тыс тұздануға әкеледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров