Аспаз

Елбасына ас дайындаған аспаз тойына Тынық мұқитынан акула мен сегізаяқ алдырды

Фархат ӘБІЛОВ

Елімізге атақты аспаз Бағдат Қадыров үйленіп, той қонақтарына сегізаяқ пен акуладан дәм татқызды.

Аспаз экзотикалық теңіз жануарларын Тынық мұхитынан алғызған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бағдат Қадыров — елімізге танымал аспаз. Кеше, 30 наурызда дәрігер қызбен шаңырақ көтеріп, той қонақтарына акула мен сегізаяқ ұсынды. Бір қызығы, Бағдаттың әкесі науқастанып қалған кезде, оның болашақ жары әкесінің емдеуші дәрігері болған. Осылайша ол қалыңдығымен ауруханада танысқан.

Дастарханда теңіз жануарларын көрген той қонақтары орындарынан тұрып, барлығын ұялы телефондарына түсіре бастады. Аспаз сегізаяқ пен акуланы кесіп, бірінші ата-анасы мен бауырларына дәм татқызып, кейін тойға келген барлық қонаққа үлестірді. Теңіз жануарларын экзотикалық жемістермен әрлеп берді.

Тынық мұхитынан тойыма арнайы алғыздым. Бүтіндей пісіріп, той қонақтарына ұсындым. Барлығы "шок" болып қабыл алды. Тойымыз барша қонақтарға ұнады деп ойлаймын,

— дейді Бағдат Қадыров.

Тойда Бағдаттың жақын туыстыры мен достарынан бөлек, әнші Нұржан Керменбаев, Әбдіжаппар Әлқожа, Әділет Жауғашар да болды.

Еске сала кетсек, Бағдат Қадыров ЭК тілшісіне сұхбат беріп, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ас дайындағанын айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров