Педофил

Ақмола облысының тұрғыны өз күйеуін 4 жасар қызын зорлады деп айыптап отыр

Нұржан МЕРГЕНБАЙ

Pxhere

Жаға ұстатар жағдай туралы жеткіншектің өзі айтып берген. Анасы үйінде болмаған сәттерде өгей әкесі кішкентай қызды жақындасуға мәжбүрлеп келген көрінеді.

Өз қылмысын жасыру үшін ол балаға ойыншық әперіп алдаған, деп хабарлайды Экспресс К Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Келіншектің сөзінше, 4 жасар Лилияны өгей әкесі бірнеше мәрте зорлаған екен. Ол кезде қыздың анасы ауруханада жатқан. Зорлық көрген жеткіншек қазір еркек көрсе зәресі ұшады.

Бұтына жіберіп қоя береді, еркектерді көрсе қашады, айқайлап тұрып жылайды. Психикасы бұзылған. Күйеуім оның көңілін аулап, ойыншық әперіп, алдап жүрген. Байғұс бала не болғанын түсінбей келген,

— дейді қыздын анасы Мадина Бирюкова.

Қызы өгей әкесінен қашқақтайтынын Мадина бұрын да байқаған. Алайда, оған аса мән бермепті. Келіншек "Педофилмен өмір сүріп келгенімді кеш түсіндім" — деп отыр. Ол бұрыңғы күйеуінің үстінен полицияға арыз жазыпты. Алайда, тәртіп сақшылары істі дұрыс қарамай жатқан көрінеді. Тіпті бұл оқиғаны келіншектің өзі ойдан шығарды дегендей де әңгімелер айтылыпты.

3 күн бұрын маған тергеуші хабарласып, айыптаудан бас тартуымды талап етті. "Қыздың айтқанына бола оны ешкім қамамайды. Оның айтқандарының заңды күші жоқ" деп отыр,

— дейді Мадина.

Мадинаның сөзінше, тиісті сараптамалар да арыз бергеннен соң 4 айдан кейін жасалған. Ол кезде қыздың денесінен зорлық белгілері табылмапты. Сосын күдіктіні қамау изоляторынан босатып, үй қамаққа жіберген екен.

Күдіктіден психикалық ауытқу байқалмайды. Сараптама көрсеткендей, жалған сөйлейтін қасиеті жоқ. Кәмелеттік жасқа толмағандарға деген сексуалды әуестігі расталмады,

— дейді Ақмола облыстық ПД аға тергеушісі Әсем Кочубаева.

Ал өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам әйелінің інісінен (балдызынан) күдіктенеді екен. Бірақ, Мадинаның айтуынша, ол туысы бөлек тұрады, оның үстіне жақын араласпайтын да көрінеді. Енді кішкентай Лилияға психологтың көмегі қажет. Алайда әзірге онымен айналысатын білікті маман табылмай жатыр екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров