Секс

"Бір түнде 25 рет секс болады". Нимфоманка әйелдер туралы не білеміз?

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Pixabay

Нимфомания дегеніміз не? Бұл ауру емделе ме? Оның белгілері қандай? Әйелдер бұл дертке қалай шалдығады?

Осы және өзге де сұрақтарға уролог-андролог дәрігер Есенай Сырымұлы жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/dr_esenai.isataiinstagram.com/dr_esenai.isatai
instagram.com/dr_esenai.isatai

Дәрігердің айтуынша, нимфомания — қыздарда бала кезден пайда болатын психологиялық ауру. Қыз бала дамып келе жатқанда порнографиялық фильмдер көріп, мастурбациямен көп айналысатын болса, жыныс мүшесінің сезімталдық қабілеті төмендейді. Осыдан олардың оргазм алуы қиындайды. Сонымен қатар бала кезде ата-ананың жыныстық қатынасқа түскен сәтін көруі де психологиялық жарақатқа әкеп соғады.

"Сол үшін ата-ана жыныстық қатынасқа баланың көзінше түспегені жөн. Ол балаға психологиялық соққы болады. Кейін қыз жетіліп, етеккірі келген соң жыныстық қатынасқа түсуге құштарлығы оянады. Бір рет қатынасқа түсіп, кейін жігіт болмаса мастурбация жиі жасайтын болады. Жыныс мүшесіне саусағын тығады. Бұл жыныс мүшесінің сезімталдылығын төмендетіп жібереді", — деді дәрігер.

Есенай Сырымұлы нимфоманка әйелдер төсек қатынасында еркектерді жиі ауыстыруға бейім келетінін алға тартты.

PixabayPixabay
Pixabay

"Ондай әйелдер төсекте өте белсенді болады. Үнемі интимдік қатынасқа түскісі келіп тұрады және төсектегі серіктесін жиі ауыстырады. Мысалы, бір жатқан еркекпен екінші рет қатынасқа түскісі келмейді. Төсекте өте талғампаз келеді. Еркектің жыныс мүшесінің көлеміне, позасына, техникасына көп қарайды. Ұнамай қалды ма, бірден серіктесін ауыстырады. Айта кететіні, нимфоманкалардың еркекті баурап алу қабілеті өте жоғары болады. Себебі төсекте өте тәжірибелі келеді",— деді ол.

Дәрігердің айтуынша, Қазақстанда мұндай әйелдер жетерлік. Көп жағдайда 30-40 жас аралығында әйелдер маман көмегіне жүгініп жатады екен. Нимфоманияны емдеуге болады, бірақ ұзақ уақытты қажет етеді.

PixabayPixabay
Pixabay

"Мұндай әйелдер таңға дейін қатынасқа түсетін еркектерті іздегіш келеді. Ондайлар бір түнде 20-25 ретке дейін қатынасқа түсе алады. Бір түнде 10 еркекке төтеп бере алады. Өйткені ләззат алуы қиын. Былайша тілмен айтқанда, бұл есірткіге тәуелділік сияқты. Өзіме нимфоманка әйелдер жиі хабарласып, кеңес сұрап жатады. Мен алдымен гормондық ауытқышулығы немесе басқа да аурулары бар ма? Соны тексеріп, тиісті ем-дом тағайындаймын. Нимфомания психологиялық ауытқу болғандықтан оны психологтар емдейді. Оған ұзақ уақыт кетеді. Бұл ауруды емдеу үшін нимфоманка әйелдер топ болып психолог курсынан өтсе, нәтиже береді. Өйткені бір-бірімен пікір алмасады, сұрақтарын талқылайды. Нимфомания әйелдерде климаксқа дейін болады. Климакстан кейін жыныстық қатынасқа деген құштарлығы тоқтамайтындар да бар. Бірақ ондайлар сирек кездеседі",— деді дәрігер.

Өз сөзінде маман қабылдауында болған пациент оқиғасымен бөлісті. 37 жастағы әйел дәрігерден көмек сұраған екен.

"Ол әйелдің алғашқы күйеуінің жыныстық қабілеті төмен болған. Уақыт өте аптасына екі-ақ рет қатынасқа түсіп келіпті. Сондықтан әйел мастурбация жасап келген. Кейін өзінен он жас кіші еркекке тұрмысқа шыққан. Онымен бір түнде 10 ретке дейін қатынасқа түсіп жүріпті. Кейін басқа қалаға қоныс аударған. Ал күйеу жиі үйде болмайды. Сондықтан күйеуінің көзіне шөп салып жүр екен. Соңғы екі жарым жылдан бері бір емес, екі еркекпен кезектесіп жыныстық қатынасқа түсіп жүргенін айтты. Егер секс болмаса, басы ауырып, жыныс мүшесі қызарып маза бермейтінін алға тартты. Мен ол әйелге психологқа қаралу керек екенін айттым. Бірақ әлі бармапты",— деді ол.

Есенай Сырымұлы ләззат алуы қиын нимфоманка қыздардың көбі жеңіл жүріске түсіп кетеді деп отыр. Ондайлар бір түнде бірнеше еркекке қызмет көрсетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров