Ақтау

Ақтаудағы жасанды пальмаларға жаны қас вандалдар кімдер?

Есен ҮРКІМБАЙ

Әлеуметтік желіден

Ақтауда теңіз жағалауында орнатылған жасанды пальмаларды қиратып кетті. Енді зақым келген пластик ағаштарды қала әкімдігі қайта жөндеуге мәжбүр.

Қаланың теңіз жағалауы аймағындағы пальмаларды біреулер жылда хұлып тастап жатады, деп хабарлайды Экспресс К.

Биыл да осындай жайт тіркеліп, жағалаудағы бірнеше тропикалық ағаштың пластик қабығын вандалдар алып тастағаны анықталып отыр.

Ал Ақтау қаласы әкімдігіндегі мамандар абаттандыру аясында пальмалардың қайтадан қалпына келтіріліп жатқанын жеткізді.

"Қазір қала бойынша абаттандыру жұмыстары басталды. Соның аясында теңіз жағалауындағы тіреу қабырғалар, орындықтар қалпына келтіріліп, боялып жатыр. Сонымен бірге пальмалардың да жұлынған жерлерін дұрыстаймыз", — деді Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің маманы Луиза Молочаева.

Әзірге пальмаларды зақымдағандар анықталмаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті ақпарат жоғын жеткізді.

Ақтауда жасанды пальмалар 2018 жылы ортатыла бастады. Каспий теңізінің қала жақ жағалауында елуге жуық пластик ағаштар жайғасып, абаттандыру аясын көріктендіру үшін қойылған еді. Алайда сол уақыттан бері пальмаларды бүлдірген бірнеше оқиға тіркелді. Соңғы рет былтыр желтоқсан айында әлдекімдер қалаға көрік беріп тұрған пальмалардың қабығын жұлып кеткен еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров