Қызылорда облысы

"Қан құсты". Қызылордадағы уақытша ұстау абақтысында отырған азамат көз жұмды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Pxhere

Қызылордадағы ЗК 169/1 мекемесіне қамауға алынған Жәнібек Еркебаев ұзақ уақыт ауырып, көз жұмған.

Бұл туралы Экспресс К тілшісіне марқұмның келіншегі мен қорғаушысы айтып берді.

Қызғалдақ Ебіренова марқұм болған 33 жастағы жары Жәнібектің соңғы күндері қатты ауырғанын айтады. Оның сөзінше қайтыс болар алдында бірер күн бұрын Жәнібек әрең тыныстап отырған. Тіпті қан құсып, әбден әбігерленді дейді. Қызғалдақ осы жағдайдан соң изолятор басшылығына барып, Жәнібекке ем жүргізу керек екенін айтыпты. Алайда осы жағдайдан бірнеше күн өткен соң күдікті көз жұмыпты.

Соңғы рет барғанымда түрме қызметкеріне қарамағаны үшін ұрысып кеттім. Жәнібек те әбден қиналып отырған. Оған ешкім қарамағаны көрініп тұрды. Басшысынан ауруханаға жатқызуын сұрадым. Ол өзім білемін деді. Енді міне балаларым әкесіз қалды,

— дейді Қызғалдақ Ебіренова.

Жәнібек 33 жасында бақилық болды. Артында екі қызы қалды. Қызғалдақтың айтуынша, жолдасына зорлауға оқталу бабы бойынша айып тағылған көрінеді. Алайда жұбайымның еш кінәсі болмады деп зар еңіреп отыр. Көзі тірісінде Жәнібекті ақтап ала алмадық деп Қызғалдақтың етегі жасқа толады.

Қазір Қызғалдақ жолдасы қатты ауырса да, оған ешқандай көмек бермеген абақты басшыларының үстінен арыз жазғандарын айтады.

Ал тергеу изоляторының басшылары Жәнібек ауырған сәтте тиісті ем-шараларын жасауға дәрігер шақырылды деп отыр.

Денсаулығы нашарлап, мекеме әкімшілігінің бастамасымен дереу жедел жәрдем бригадасын шақырылған. Жедел өкпе-жүрек реанимациялық алғашқы көмек көрсетілген. Алайда дәрігерлер қабылдаған шараларға қарамастан, науқасты құтқару мүмкін болмады.

деп мәлімдеді тергеу абақтысының қызметкерлері

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров