Алматыда жеті нысанға "бомба" қойылды деген ақпар тарады


© Newscorr
Алматыдағы 7 нысанға жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түсті. Қазір барлық ғимарат шұғыл тексеріліп жатыр. Оның қатарында әуежай, MEGA ойын-сауық сауда орталығы бар.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Алматыдағы MEGA ойын-сауық орталығында дабыл қағылды. Бейнежазбада ондағы адамдардың шұғыл сыртқа шығуына хабар беруде. Орталықтың қоғаммен байланыс департаментінде жағдайды жарылғыш зат қойылуы мүмкін деген қауіп барымен түсіндірді.
Ойын-сауық орталығында жарылғыш зат қойылды деген ақпар түсті. Қауіпсіздік үшін адамдар эвакуацияланды,
Қалалық полиция департаментінде хабарлама расталды. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада бомба қойылған жалғыз ойын-сауық орталығы ғана емес, 7 нысан бар екен.
Таңертең қалада 7 нысанға жарылғыш зат қойылды деген хабарлама келіп түсті. Бірден шұғыл тексеруге кірістік. Қазіргі уақытта 3 нысан толықтай сүзгіден өтті. Қауіптілік жоқ. Ақпарат жалған болып шықты. Қалған нысандарды тексеріп жатырмыз,
Жеті нысанның қатарында Алматы Халықаралық әуежайы, 3 екінші деңгейлі банк, бір жоғарғы оқу орны және 2 ойын-сауық орталығы бар. Қазір арнайы саперлер жұмыс істеп жатыр. Олар қала тұрғындары мен қонақтарына тыныштық сақтап, барынша түсіністікпен қарауға шақырады.
Бөлісу