Су тасқыны

Қазақстанда 157 елдімекенді су басу қауіпі туындап тұр

Бек ТӨЛЕУОВ

Әлеуметтік желіден

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин алдағы күндері қарқынды қар еру және сең жүруі салдарынан 157 елді мекенді су басуы мүмкін екенін айтты.

Министр мұндай қауіп басым бірнеше облысты атады, деп хабарлайды Экспресс К.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облысында алдағы аптада күн күрт жылиды деп күтілуде. Осы орайда жоғарыда аталған өңірлерге қарасты 157 елді мекенді су басу қаупі бар,

— дейді Юрий Ильин.

Юрий ИльинЮрий Ильин
Юрий Ильин

Күн күрт жылуы бұл қардың еруі мен сең жүруге ықпал етеді. Одан бөлек, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанып отыр екен.

Осыған байланысты бұл аталған өңірлердің тау бөктері аудандарында көлбеу ағын мен тау өзендері бойынша су тасқыны болуы мүмкін,

— дейді министр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров