Наурыз тойы
Қызметтен босап қалған екі әкім - Сағынтаев пен Баталов той тойлап жүр


telegram
Бүгін Алматыдағы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Наурыз тойын тойлап жатыр.
Шығыс халықтарының жаңа жылдық мерекесін тойлауға келген қонақтар арасында бұрынғы әкімдер де бар болып шықты, деп хабарлайды Экспресс К.


facebook.com/Almat Isa'dil
Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты, бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевты шақырыпты. Одан бөлек, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталовты шақырыпты.
Оқи отырыңыздар:
Бақытжан Сағынтаев қаңтар айының соңғы күндерінің бірінде қызметтен кеткен болатын. Ол Алматы қаласын 2019 жылдан бері 2 жылдан астам басқарған.
Амандық Баталов — Алматы облысының әкімдігінен былтырғы жылдың 24 қарашасында кеткен. Ол Жетісу өлкесінде 7 жылдан астам уақыт әкім болды.
Бөлісу