Мектеп

Елімізде биыл бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Олжас НҰРЖАҚЫП

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Биыл елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау кезеңі 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін мектепке қабылдау қызметі толықтай электронды жүргізілмек, деп хабарлайды Экспресс К.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, биыл мектеп табалдырығын 400 мыңнан астам бала аттайды екен. Сол себепті бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерді мектепке қабылдау мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылып отыр. Әрі 1 сәуірден 1 тамызға дейін құжат қабылдау жүргізілмек.

Құжат қабылдау Еgov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 1-сыныпқа 6 жасқа толған және биыл алтыға толатын балалар қабылданады,

— делінген министрлік ақпаратында.

Баланы бірінші сыныпқа беру үшін мыналар қажет:

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 026/у-3 және 063/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • оқушының өлшемі 3х4 болатын екі фотосуреті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров