Түркі әлемі

ТҮРКСОЙ ұйымының басшысы болып қырғыздың бұрынғы министрі тағайындалды

Бек ТӨЛЕУОВ

Сұлтан Раев / Дүйсен Қасейінов

Бүгін Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының бас хатшысы ауысты.

Осыған дейін басшылық еткен қазақстандық Дүйсен Қасейіновті қырғыз жазушысы Сұлтан Раев алмастырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Сұлтан Раев екі рет Қырғызстанның Мәдениет министрі болған. Сонымен қатар Қырғыз Республикасы президенті мен премьер-министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Үкіметі жанындағы мәдениетті дамыту жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарған.

Ал Дүйсен Қасейінов бұл ұйымға 2008 жылдан бері басшылық еткен. Оның алдында Қазақстанның Мәдениет министрі болған.

Қазіргі уақытта Түркияның Бурса қаласында ТҮРКСОЙ ұйымының тұрақты кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп жатыр.

ТҮРКСОЙ — түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық ұйым. ТҮРКСОЙ құрамына бүгінде түркі тілдес елдер кіреді. Оның ішінде тәуелсіз елдермен қатар федеральдық субъектілер мен автономиялық аймақтар бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров