Сабыржан Дадаметов

Азаматтарға кедергісіз зейнетақы тағайындаған Дадаметовке сот үкімі шықты

Олжас НҰРЖАҚЫП

Сабыржан Дадаметов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Дадаметовке сот үкімі шықты.

Ол пара алу арқылы зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін айыпталған, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Сабыржан Дадаметов Түркістан облысындағы "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері Атанбеков, Нәлібаев, Пірәлиев және Камалдан пара алу арқылы жеке тұлғаларға кедергісіз зейнетақы тағайындаған.

30 мыңнан — 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Түркістан қалалық соты Дадаметовке мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 23 миллион теңге көлемінде айыппұл салды,

— делінген агенттік ақпаратында.

Сондай-ақ, агенттікте үкімнің әзірге заңды күшіне енбегенін де хабарлады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров