Имам

ҚМДБ "имам күйеуім – тиран" деген келіншектің мәлімдемесіне пікір білдірді

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

© Islam

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылар "имам күйеуім – тиран" деп араша сұраған түркістандық келіншектің жанайқайына қатысты пікір білдірді.

Алты баланың анасы күйеуі жат ағымның жетегінде деп те айыптаған болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

Гаухар Жұмаділда/жеке мұрағатГаухар Жұмаділда/жеке мұрағат
Гаухар Жұмаділда/жеке мұрағат

ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі көпбалалы ана Гаухар Жұмаділдәнің күйеуі Отырар ауданына қарасты Темір ауылындағы Мамырбек молда мешітінің имамы екенін растады.

Гаухар Жұмаділдәнің балалары / жеке мұрағатГаухар Жұмаділдәнің балалары / жеке мұрағат
Гаухар Жұмаділдәнің балалары / жеке мұрағат

"Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керістің бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқаны рас. Оған себеп — Гаухар Жұмаділдәнің балаларына күш көрсетіп, зорлық-зомбылық және ұрып соғуы. Имам Төрехан Әлжанның бар кінәсі — перзенттерін безбүйрек аналарының зорлық-зомбылығынан қорғауы. Балалары аналарымен кеткісі келмейтінін айтты. Имам әйелін үйден қумаған. Төрехан Әлжан әйелімен ажырасып қана қоймай, оны ата-ана құқығынан айыруды сот жүзінде талап етуге бел буып отыр",— делінген ҚМДБ мәліметінде.

Сонымен қатар ресми жауапта имам балаларына көрсеткен зорлық-зомбылықты әйелінің туыстарына айтқанын, алайда ол кезде керісінше туыстары алты баланың анасын қолдағаны туралы жазылған.

Діни басқармадағылар келіншектің "күйеуімнің іс-әрекеттері — сәләфтардың тірлігі" дегені негізсіз деп отыр.

Экспресс К бұған дейін "имам күйеуім — тиран" деп араша сұраған келіншектің жанайқайы туралы жазды. Көпбалалы ана Гаухар Жұмаділдә күйеуі ұрып-соғатынын, балаларын алып қойып, бермей отырғанын айтты. Ал имамның өзі бұның бәрін жоққа шығарды. Қайта керісінше, әйелі балаларын ұрып-соғып, қорлап келген деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров