Мұстафа Шоқай

Мұстафа Шоқайдың жанды дауысы жазылған рухты сөздері тарады

Олжас НҰРЖАҚЫП

Мұстафа Шоқай

Интернетте түркі әлемінің басын қосып, мақсатын біріктіруді ниет еткен көрнекті қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың жанды даусы тарады.

Аудио жазбада оның жалынды сөздерін, рухты өлең оқығанын естуге болады, деп хабарлайды Экспресс К.

Түркі әлемінің көсемі Мұстафа Шоқайдың жанды дауысын Қанат Досжанов есімді азамат Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Видеодағы жанды дауысты қайраткердің суреттерімен көркемдеп шыққан. Ол өз сөзінде Түркістан мен барша түркі әлемін біріктіру арқылы, сыртқы жауға мықты бола алатынымызды айтқан.

"Алыста жүріп, ел қайғысын ойлап, алыста жүріп ел қамын ойлап еуропаның әр тарабында жүрген, бүгінгі Түркияда тұрған Түркістан жастары бірлесіңдер. Сендердің бірліктерің, күш қосуларың еліміздің бағына қызмет етпек. Мұны ұмытпаңдар. Түркістан үшін жан беру бәрімізге ортақ мақсат, махаббат болмақ", — дейді Мұстафа Шоқай сөзінде.

Мұнан кейін оның рухты өлең жолдарын оқығанын естуге болады.

Мұстафа Шоқай 1890 жылы 25 желтоқсанда Сыр бойындағы Наршоқы деген жерде дүниеге келген. Түркістан автономиясының жетекшісі, қоғам және мемлекет қайраткері. Алаш партиясында болды. Қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлғалардың бірі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров