Түйе

Өлген ботасының жанынан бір жыл кетпеген інген көпшілікті елжіретті

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Иен далада ботасы өлген түйенің төлінің қасынан кетпей қойғанын көрсететін бейнежазба жұрттың жүрегін елжіретті. Оқиға Маңғыстау облысында болған.

Аруана тіпті көпшілікті мұңға батырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Маңғыстау облысында былтыр ботасы өлген түйе жыл бойы төлінін қасынан кетпей қойған. Мал иесі арасында түйені көріп кететінін айтты.

"Бұл жер Жаңаөзен іргесінде Қызылсай ауылының маңы. Ботасы өліп, былтырдан бері осы маңайдан кетпей жүр. Арасында келіп тұрамын",

— дейді мал иесі.

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен бейнежазға қалдырған пікірлер екіге жарылды.

Біреулер "Адамдар баласын тастап кетіп жатқанда малдың өзі өлген төлін тастамайды", "Ана жүрегі деген осы. Жануардың өзі мейірімді", "Жүрегім-ай, неткен аянышты" деп десе, енді біреулер "Малды бетімен жіберуге болмайды", "Ботаның терісін сойып алып, тұлып ету керек", "Мал адамға үлгі емес қой, жігіттер" деген сыңайда ойларын жазып қалдырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров