Қайғылы оқиға

Қостанай облысында үй өртеніп, үш бала қаза тапты

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін түс мезгілінде Қостанай облысының Амангелді ауылында 2 пәтерлі тұрғын үй отқа оранды.

Оқыс жағдай кезінде үйде төрт бала болған, олардың үлкені 8 жаста, деп хабарлайды Экспресс К.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көршілер барлық баланы далаға алып шыққан. Бұл уақытта балалардың ата-анасы жұмыста болған.

ТЖД баспасөз қызметіТЖД баспасөз қызметі
ТЖД баспасөз қызметі

Амангелді орталық ауруханасының қызметкерлері сағат 11:00 шамасында 2016, 2019 және 2020 жылы туған үш баланың көз жұмғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өртке ток желілерінің тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Толық ақпарат кейінірек хабарланады,

дейді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Зината Кучекбаева.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров