Президент

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.

Сенат төрағасы Мемлекет басшысына биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.

Қазіргі кезеңде заманымыздың ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін қазақстандық форумға әмбебап әрі жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін алу — маңызды міндет,

— деді Президент.

Сонымен қатар Сенат спикері депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары туралы ақпарат берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров