Мал ауруы

Атырау облысындағы малдың жаппай қырылу себебі белгілі болды

Экспресс К

© Азамат Жолжанов/Коллаж ЭК

Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың қырылу себебін анықтады.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Облыста Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталды. 2022 жылдың 30 наурызында 4 бас мал өлген, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр,

— деді министрліктегілер.

24 наурызда биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық" ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.

31 наурызда Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылардың арасындағы аурудың диагнозын анықтау үшін сынама алу мақсатында Атырау облысына келді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректері бойынша, Қызылқоға ауданындағы "Ойтаң" шаруа қожалығындағы қой мен ірі қара малдың қырылуына малды азықтандыру және тамақтандыру шаруашылығы технологиясының бұзылуы себеп болды,

— делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының, әкімдіктің, ғылыми қызметкерлердің және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлерінен тұратын комиссия құрылды .

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров