Ауыл шаруашылығы

Пайдаланылмай жатқан жерлер шаруа қожалықтарына беріледі

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

31 наурызда Нұр-Сұлтанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті.

Комиссия отырысында бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтарына беру және негізсіз жекешелендірілген объектілердің мемлекет меншігіне өту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Экспресс К primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жерді ұтымды әрі тиімді пайдалану жөнінде баяндама жасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартқан заңға қол қойды. Космомониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері енгізілді. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне салық мөлшері екі есе өсті.

Барлық өңірлерде жайылымдық жерлер өте өзекті мәселе болып отыр. Алайда 2019-2021 жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 8,1 миллион гектер бос немесе мақсатты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері анықталды,

— деді министр.

Тиісті шаралардан кейін осы көлемнен 3,4 миллион гектар жер телімін бұрынғы меншік иелері игере бастады. 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта 2,6 миллион гектар жергілікті атқарушы органдардың қарауында.

Сонымен қатар 2021 жылы ауыл халқына мал жаю үшін жайылым жердің қажеттілігі 21 миллионнан 14 миллион гектарға дейін, оның ішінде ұйымдастырылған шаруашылықтармен меморандумдар жасасу және елді мекендердің шекарасын кеңейту есебінен қысқартылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын сапалы әрі уақытылы орындау қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жұмысты жандандыруды тапсырамын. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер нақты жұмыс істейтіндерге берілуі тиіс,

— деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Қаржы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, кейін кезекті отырыстарда қарау үшін негізсіз жекешелендірілген объектілерді қайтару тетіктері бойынша талдау жүргізіп, келісілген ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров