БҚО-да су деңгейі көтеріліп, жолды шайып кетті


Видеодан кадр
31 наурыз күні 09:00 шамасында Қаратөбе ауданы, Ақтайсай кентінен 2 шақырым жерде қардың еруі салдарынан су деңгейі көтерілді.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 17:00 шамасында тасыған су автожол мен бетон құрылысын шайып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға орнында ТЖД-нің 4 қызметкері мен 1 бірлік техникасы және жергілікті атқарушы органдардың 2 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр,
Оқи отырыңыз:
Елдімекенге төнер қауіп жоқ. Ауа температурасы +9С. Қайта қалпына келтіру жұмыстары қар суы төмендеген соң 1 сәуірге жоспарланып отыр.
31 наурызда сағат 20:40-та БҚО ТЖД-нің дағдарыс орталығында облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиевтің төрағалығымен
азаматтық қорғау органдары қызметінің басшылары, өкілдерінің қатысуымен жедел штаб отырысы өтті. Отырыста Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарындағы жолдарды су шаю мәселесі талқыланды.