Бағдат Мусин

Бағдат Мусин: "Құжатты өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ"

Экспресс К

Pixabay

Цифрлық құжаттар мобильді қосымшаларға шығарылды.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Тұлғаның жеке куәлігі, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты және неке қию куәлігі сияқты құжаттар Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларына шығарылды.

Былтырғы жылдың аяғынан бері "ҰАТ" АҚ, Kaspi және Halyk мамандарымен бірге Цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады,

— делінген жазбада.

Қазіргі уақытта Цифрлық сервисті 10 миллион қазақстандық тұрақты түрде қолданады. Құжаттың түпнұсқасын өзіңмен бірге алып жүрудің қажеті жоқ, сонысымен ыңғайлы.

Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз,

— дейді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, министр бұл функционал тек азаматтың өз келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асатынын атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров