Кісі өлімі

БҚО-да ер адам бөтелкелесін сабап өлтірді

Экспресс К

БҚО ПД-нің баспасөз қызметі

Орал қаласының тұрғыны ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Ер адам өзімен бірге ішімдік ішкен әйелді өлтірген.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, күдікті мен марқұмның арасында жанжал туындап, бөтелкелесін соққыға жыққан. Ауыр дене жарақаттарынан әйел қайтыс болды.

БҚО ПД-нің баспасөз қызметіБҚО ПД-нің баспасөз қызметі
БҚО ПД-нің баспасөз қызметі

Оқиға Деркөл ауылында болды. 33 жастағы азаматшаның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды. Қабылданған шаралар бойынша 36 жастағы азамат анықталып, ізін суытпай ұсталды,

— деді БҚО полиция департаментіндегілер

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабы 1-бөліміне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров