Мұнай

Мұнай бағасы 5 пайызға арзандады

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

АҚШ Президентінің шешімінен кейін мұнай бағасы құлдырады.

Джо Байден АҚШ-тің меншікті стратегиялық қорынан ірі көлемдегі мұнайды босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Экспресс К Reuters сайтына сілтеме жасап.

Brent және WTI маркалы мұнайдың әлемдік бағасы 5%-ға арзандады.

Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері барреліне 107,98 долларға дейін, маусым фьючерстері барреліне 106,22 долларға дейін төмендеді. АҚШ-тың WTI мұнайының мамыр айындағы фьючерстері барреліне 101,76 долларға дейін арзандады.

АҚШ билігі 6 ай бойы стратегиялық қордан нарыққа тәулігіне миллион баррель мұнай жіберіп, елдегі мұнай өндіруді арттырмақ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров