Ауа райы

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Экспресс К

©️ЭК/Андрей ХАЛИН

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі. Республиканың солтүстігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

"Қазгидромет" ауа райын болжау орталығы 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел екпіні секундына 25 метрге күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал солтүстігінде және шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында тұман түседі. Түнде солтүстік-шығысында және таулы өңірлерде жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігі мен батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау облысының солтүстігінде, Маңғыстау, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров