Newscorr

Алматының қақ ортасындағы атыс тұрғындарды дүрліктірді

Экспресс К

Видеодан кадр

Желіде Республика алаңында әскери және полиция көліктері жиналып тұрған жайлы бірнеше бейнежазба тарады.

Осыған қатысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға видео жолдаған автор Сатпаев көшесінде әскери мен полиция көліктерінің және оның жанында терезесіне бірнеше рет оқ атылған жол талғамайтын темір тұлпардың тұрғанын айтады. Ол бұл көшеде атыс болды деп топшылады.

Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді. Департамент таратқан ақпарат бойынша, бұл аймақта қылмыстық істі тергеу тәжірибесі өткен.

© Newscorr© Newscorr
© Newscorr

Бұл аймақта қылмыстық істі тергеу тәжірибесі өтті. Біз азаматтардан үрейге берілмеулерін және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуларын сұраймыз,

— деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров