Су тасқыны

Ақтөбеде үйлерді су басып жатыр

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Ақтөбе облысында күн күрт жылынып еріген қар суы тұрғындарды әбігерге түсірді. Қазір қалада жүру мүмкін емес. Тіпті мөлтек аудандар мен қалаға қарасты кейбір ауылдарда су үйге дейін кірді.

Тұрғындар судың үйге дейін кіріп жатқанын видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Соңғы аптада ақтөбеліктер еріген қар суынан зардап шегіп жатыр. Әсіресе қаланың Есет батыр, Батыс-2 мөлтек аудандарындағы ахуал тіпті нашар. Көше мен аулалар суға толып, тіпті көліктер әрең жүр. Орталық көшелердің өзінде жағдай мәз емес. Тұрғындар қоршауларды жағалап жүруге мәжбүр.

Қаланың шет жағындағы мөлтек аудандар, саяжай мен ауылдарда су үйлерге дейін кіріп жатыр. Мәселен, Қурайлы ауылында кейбір үйлер суға кетіп қалған. Тұрғындар әкімдікке хабарласқанмен ешқандай көмек болмағанын айтып, әлеуметтік желіде жанайқайларын жеткізді.

Ал қалалық әкімдіктің мәліметінше суға қарсы штаб күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ облыстың кейбір аудандарында су тасқыны қатты. Қобда ауданы Өтек ауылында қатты келген су көпірді бұзып кеткен. Тұрғындар аудан орталығына жете алмай қалған. Қазіргі таңда бұл жерде суға қарсы штаб жұмыс істеп жатыр. Ауыл тұрғындары азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров