Бүгіннен бастап Кореяға визасыз қыдырып баруға болады


Pixabay
1 сәуірден бастап Қазақстан мен Оңтүстік Корея үкіметтерінің арасындағы визалық талаптарды жою туралы жасалған келісім қайта күшіне енеді. Бұған дейін оны Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатқан болатын.
Осылайша, Қазақстан азаматтары Оңтүстік Корея Республикасына визасыз бара алады, деп хабарлайды Экспресс К
Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Екі ел арасындағы келісімге сай қазақстандықтар Кореяға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз кіре алады. Ал бұл мемлекетте еңбек етуге, білім алуға немесе тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет.
Оқи отырыңыз:
Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың Оңтүстік Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың "К-ЕТА" электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеру қажет.
Визасыз келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру және содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі,
Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшаққа отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады.
Бөлісу