Дүкен

Алматыда азық-түлік дүкені тауарларын рубльмен саудалаған

Ержан ШАЙЖАН

©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

Алматыдағы азық-түлік дүкендерінің бірі тауарларын рубльмен саудалап келген. Мұндай ақпаратты куәгерлердің бірі видеоға түсіріп, редакциямызға жолдады. Экспресс К тілшісі дүкенге арнайы барып қайтты.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Дүкендегі келеңсіз жағдайды куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К.

©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

Newscorr қызметіне келген бейнежазбадан дүкендегі тауарлардың рубльмен сатылып жатқанын байқауға болады. Экспресс К мәселені өз көзімен көру үшін дүкенге арнайы барып қайтты. Дүкен қызметкерлерінің айтуынша, тауардағы бағаларда техникалық қате кеткен. Дүкен қызметкерлері қазір барлығы ретке келгенін айтып отыр.

©ЭК/Ержан ШАЙЖАН
©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

Рубльмен сатпаймыз ғой. Тауарларды таразыға қойып, бағасын шығарған кезде техникалық қате кеткен. Руб деген сөз қосылып кетіпті. Мұны біз кеш байқадық. Қазір барлық тауарларды қайта тексеріп, сөрелерге қойып жатырмыз,

— дейді Жанат Есмағұлова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров