Су тасқыны

Әлихан Смайылов су тасқыны бойынша министр мен әкімдерге тапсырма берді

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

primeminister.kz

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар миниистрі Юрий Ильинмен және Ақтөбе, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.

Министр мен өңір басшылары елдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Министр Юрий Ильиннің хабарлауынша, қазір Қазақстанда 227 елді мекенді су басу қаупі жоғары. Су басуға 3 нәрсе себеп болған. Бұл — қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар және еріген қар. Қазіргі кезде су басу қаупі еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде сақталып отыр.

Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-і қауіпті аймақта. Бұл орайда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде қауіп сейілді.

Биылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша ерімеген қар көлемі — 47 пайыз. Жылынудың бірінші толқыны барысында ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басты,

— делінген хабарламада.

Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскелерін су шайып кетті.

Келіп түскен шағымдарға жедел әрекет етіп, су басу қауіптерін жою қажет. Сонымен қатар, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару керек. Өңір басшылары бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс,

— деп тапсырды Әлихан Смайылов.

Біз бұған дейін Ақтөбеде арықтың суына құлап кеткен қыз бала өлім ауызынан қалай аман қалғаны туралы жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров