Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан паспортының "күші" анықталды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қазақстан әлемдегі ең мықты паспорттардың рейтингінде 53 орын алады.

Рейтингке Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 ел қатысқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақстандықтар визасыз 34 елге барып, тағы да 48 елде визаны әуежайда рәсімдей алады. Тек 116 елге ғана алдын-ала виза рәсімдеуі керек.

Әлемдегі ең мықты паспорт — Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтарында. Олар 110 елге визасыз кіре алады. Біздің көршілерге келетін болсақ, ресейліктердің паспорты біздікіне қарағанда мықтырақ. Алайда рейтингте Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерін шаң қаптырып кеттік.

Айта кету керек, бүгіннен бастап қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға қайтадан визасыз бара алады. Коронавирусқа байланысты екі ел арасында визасыз режим алынып тасталған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров