Қазпочта

"Қазпочта" атын жамылған алаяқтар кімдер?

Есен ҮРКІМБАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қоғамда адамдарды банк, атқарушы билік өкілінің кейпіне еніп алдайтын алаяқтар жиі кездеседі. Көмек көрсетуші адам болып көрінетін олар ақыр соңында өздеріне сенген адамды алдап, тақырға отырғызып кетеді.

Экспресс К тілшісі адамдарға телефон немесе әлеуметтік желі арқылы хабарласып, алаяқтық әрекетін жүзеге асыратындар туралы зерттеп көрді.

Әдетте алаяқтар нысанаға алған адамын алдап, дегеніне жетуге өте жоғары дайындықпен келеді. Олар көбіне орысша сөйлейді. Бұл — олардың бірінші қателігі. Осы жерде сіз олардан мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұраған жағдайда тосылып қалып, түрлі сылтау айтып бағады.

Алаяқтар көп жағдайда сіз туралы алдын ала деректерге қолжеткізген соң оңтайлы уақытта хабарласады. Мысалы, жұмыстан қайтар уақытта немесе түскі асқа шығып бара жатқан сәтте. "Сіз құпия сөзді ауыстыруға 16:31 кезінде өтініш беріпсіз, бізге картаңыздың 16 цифрлі нөмірін айтып беріңіз" дейді. Сіз "банкке хабарласпадым" деп айтқаныңызбен, олар өтініштің базаға келіп түскенін, қауіпсіздік үшін карта нөміріңізді және берілген уақытын айтуды сұрайды. Егер айтсаңыз, олар сіздің жеке шотыңыздағы ақшаны алуға әрекет етіп, нөміріңізге келген СМС-тегі нөмірді тағы сұрайды. Оны айтсаңыз сан соғып қалдым дей беріңіз. Әккі алаяқтар картаңыздағы бар ақшаны тиын қалдырмастан белгісіз бір шотқа аударып алады.

Жаңаөзендік Мұрат Әділов осыдан жарты жыл бұрын кофе дайындайтын аппаратты сату үшін сауда сайттарының біріне шығарған. Тауары бір жыл пайдаланылғандықтан оның құнын 900 мың теңгеге бағалаған. Таяуда оған WhatsApp мессенджері арқылы Нина есімді қыз хабарласып, кофе аппаратын сатып алу туралы сөйлескен. Сатып алушы телефонмен сөйлесуге келіспей, өзіне WhatsApp ыңғайлы екенін айтқан. Қызығы сол, Нина Мұратпен аппараттың техникалық жағдайын мүлдем сұрамаған. Тіпті бағасына қатысты саудаласу рәсімін де жасалмады. Тек аппаратты курьер арқылы алып кететінін, "сізге ыңғайлы болса, мен осы қызметке жүгінгім келеді" деп ұсынысын бірден алға тартты. Әрі ақшаны сол кезде шотына аударатынын айтқан.

Барлық қызық осы жерде басталыпты. Тауарын өткізіп, ақша табамын деген Мұрат қуанғанымен, жағдайдың соңы күдікке ұласа бастаған. Себебі, Алматыдан хабарласып тұрған Нина төлем туралы сөйлесу барысында тауардың суретін мүлдем көрмеген. Тек бірден "сатып алуға" ниетті екенін білдірді.

"Бірден маған курьер арқылы тауарды алатынын айтты. Сөйтіп өзі оны рәсімдеп жатқанын, тек өзі жіберген сілтемеге кіріп тиісті мәліметтерді толтыру керек екенін ескертті. "Қазпочтаға" ұқсайтын сілтемеге кіргеніммен банк картамның барлық мәліметін жазуым міндеттелген. Осы жерде менде күдік туындады", — деді Мұрат Әділов.

Мұрат осы жерде қулыққа басып, қолданбайтын әрі ішінде қаражаты жоқ картасының дерегін толтырған. Осы сәтте Нина да жанталасып, кофе машина құнының (900 мың теңге) жарты ақшасын аударғанын, оны шешіп алу үшін картаңызда кемі 15 мың теңге болуы керегін айтып, "жанашырлық" таныта бастады. Алайда оның пиғылын сезген Мұрат алаяқтың әрекетін жүзеге асыруға жол бермеді.

Осы оқиғаға ұқсас тағы бір жағдай таяуда Ақтауда болды. Әріптесіміз Мәдина Көпбосын өзінің фотоаппаратын қолданбайтын болғандықтан бір жыл бұрын ғаламтордағы сауда сайттарында сату үшін хабарландыру берген. Басында бір-екі адам хабарласқанымен, уақыт өте келе хабарландыру туралы ұмытып кеткен еді. Жақында оған уатсап арқылы орыстілді біреу Талдықорған қаласынан хабарласқан. Ол фотоаппарат туралы сұрамастан бірден құрылғыны сатып алуға ниетті екенін білдірген. Мұрат Әділовке хабарласқан "Нина" секілді талдықорғандық клиент те ақшасын бірден аударып, тек курьер қызметіне жүгінетінін бірден айтты. Екі сөзінің бірінде "Қазпочтаны" алға тартқан клиенттің сөзі сондай сенімді көрінді. Алайда курьер қызметіне ақша төледім, енді сіз сілтемеге кіріп деректеріңізді толтырыңыз дегенде күдікті жағдайлар көбейе түсті.

"Сатып алушымен" диалогтың скрині"Сатып алушымен" диалогтың скрині
"Сатып алушымен" диалогтың скрині

"5-10 минут күтіңіз. Мен тапсырысты рәсімдеймін. Тауардың құнын және жеткізу үшін курьер қызметін төледім. Тек мына сілтемеге кіріп, тиісті деректерді толтырып ақшаны алыңыз. Содан кейін сізге курьер барып тауарды алып кетеді", — деді "талдықорғандық сатып алушы".

Алаяқтар жіберген сайттың "Қазпочтаға" еш қатысы жоқ. Олар шетелде тіркелген домен арқылы жалған сайт ашып алғанАлаяқтар жіберген сайттың "Қазпочтаға" еш қатысы жоқ. Олар шетелде тіркелген домен арқылы жалған сайт ашып алған
Алаяқтар жіберген сайттың "Қазпочтаға" еш қатысы жоқ. Олар шетелде тіркелген домен арқылы жалған сайт ашып алған

"Сатып алушының" жіберген сілтемесіне кірсеңіз, "Қазпочтаның" аты аталғанымен, заты байқалмайды. Олар "POST.KZ" деген атауы бар жалған сайттың сілтемесін жібереді. Бірақ доменнің Қазақстанға еш қатысы жоқ. Ішінде жеке банк картасының нөмірі, берілген уақытына дейін толтыру міндеттеліп, ақыр аяғында CVV нөміріне дейін жазу міндеттеледі. Әдетте "Қазпочта" қызметінде мұндай мәліметтерді ешқашан сұрамайды.

Тауар иесі "сатып алушы" айтқан сайттағы деректерге қолданбайтын әрі ішінде қаржысы жоқ карта нөмірін жазған. Олардың әрекеті осылайша жүзе аспады.Тауар иесі "сатып алушы" айтқан сайттағы деректерге қолданбайтын әрі ішінде қаржысы жоқ карта нөмірін жазған. Олардың әрекеті осылайша жүзе аспады.
Тауар иесі "сатып алушы" айтқан сайттағы деректерге қолданбайтын әрі ішінде қаржысы жоқ карта нөмірін жазған. Олардың әрекеті осылайша жүзе аспады.

Бұл орайда сатып алушы сізбен мәдениетті түрде сөйлесіп, барынша сабырлы болады. Себебі, сіз олар жіберген сілтемеге деректеріңізді толтырған кезде олар картаңыздан кемінде 15 мың теңге шешіп алуға тырысып, ғайып болады.

Қызық болғанда WhatsApp арқылы сізге хабарласқан нөмірге қоңырау шалсаңыз олар үнемі байланыс аясынан тыс жерде жүретінін байқадық. Әрі түрлі қосымшалар және Getcontact арқылы нөмірін тексерсеңіз олардың алаяқ екеніне дәлел көбейе түседі. Өйткені кейбір адамдар телефонында оларды "алаяқ" деген сияқты есімдермен сақтап қойған.

Сондықтан оларға алданып, сан соғып қалмас үшін мына қарапайым қағидаларды ескеріңіз:

— Жеке шотыңыз және жеке куәлігіңіз туралы мәліметтерді ешкімге жария етпеңіз.

— Әсіресе , CVV/CVC-кодты, интернет-банкингтегі жеке кабинет кодын айтпаңыз.

— Телефоныңызға операцияны растау үшін келген SMS-кодтар да тек жеке өзіңізге арналғанын ескеріңіз.

— Сізден бір затты шынымен сатып алатуға ниетті адам көбіне телефон арқылы сөйлесіп, әуелі тауарды көретінін де ұмытпаңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров