"Тыңда, ёпт!" деп сынға қалған Бозымбаев енді ағылшынша сөйлеп талқыға түсті


Қанат Бозымбаев/Видеодан кадр
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірдегі ауруханалардың бірінде өткен кездесуде орысша әзілдеп, ағылшын тілінде баяндама жасаған.
Әкімнің бұл әрекеті әлеуметтік желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.
Алматы облысындағы аудандардың бірінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының санитарлық көмек көрсету платформасы ашылған. Сол шарада өңір басшысы ағылшын тілінде баяндама жасады. Бетперде жайлы әзілдеп, кейін ағылшынша сөйлеген әкімнің бейнежазбасы Іnstagram-дағы Кris_p_tdk парақшасында жарияланды.
Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының өңірлік директорының алдында ағылшын тілінде сөз сөйледі. Дәл осылай сөйлей алатын қандай әкімді білесіз,
Бозымбаевтың бұл баяндамасы желі қолданушыларының арасында қызу талқылануда. Бірі сынға алса, енді өзгелері мақтап әлек.
"Қалжыңбас, оданда қаладағы көшелерді қалпына келтірсеңдерші". "Тыңда епт деген ағылшынша қалай болады екен". "Дайын мәтінді оқығанын құр сөзбен мақтай бермеңдер". "Жарайсың, жақсы әкім",
Оқи отырыңыз:
Еске салайық, бұған дейін ЭК Қанат Бозымбаевтың алаңдағы жұртты тыңдатамын деп ұятқа қалғанын жазған еді.
Бөлісу