Мұнай

"Лас ауа үшін". Еліміздегі ең ірі мұнай компаниясы халыққа өтемақы төлейді ме?

Фархат ӘБІЛОВ

Pxhere

Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғындары Теңіз кен орнынан мұнай өндіріп отқан "ТеңізШеврОйл" компаниясынан экологиялық өтемақы талап етті.

Тұрғындардың айтуынша, ауданның әр тұрғыны мұнай компаниясынан заңды түрде өтеамақы алуы керек, деп хабарлайды Экспресс К.

Еліміздегі ең ірі Теңіз мұнай кен орны осы Жылыой ауданында орналасқан. Жылына 25 миллион тоннадан астам мұнай өндіретін алпауыт компаниядан тұрғындар экологиялық өтемақы талап етіп отыр. Сонымен қатар, аудан белсенділері компанияны климат жөніндегі Париж келісімімен жұмыс істеуге шақырды. Тұрғындардың тіпті компаниянның бас директоры Кевин Лайонды көрмегендерін де айтады.

Компания экологияға зиян келтіріп, айыппұл төлейді. Бірақ ол ақша халық игілігіне жұмсалудың орнына, мемлекетке кетеді. Бізге ол ақшадан келіп-кетер пайда жоқ. Лас ауа тұрғындардың денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келеді,

— дейді тұрғындар.

Компания өкілдерінің сөзіне сенсек, өтемақы мәселесі әзір шешілмейтін сияқты. Себебі елімізде компаниялардың тұрғындарға өтемақы төлеуі практикада қолданыла бермейді.

Аудан орталығы Құлсары қаласының тұрғыны Тұрар Шапқара компанияның бас директорын Құлсарыға келіп, жағдайды өз көзімен көруге шақырды. Оның айтуынша, Теңіз кен орнында да жағдай мәз емес. Ал экобелсенді Азаматхан Әміртайдың айтуынша, Теңізшевройл компаниясына Париж келісімін міндеттеу керек. Бұл келісімге 175 ел қол қойды.

Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан ESG стартегиясын ТШО-мен бірге енгізіп, Жылыой ауданындағы барлық экологиялық, әлеуметтік мәселелерді түбегейлі шешу үшін келіп отырмыз. Бірақ қазіргі компания өкілдері басқа әңгіме айтып отыр. Керісінше халықтың ашуына тиіп отыр. Компаниядан халыққа пайда жоқ, — дейді Азаматхан Әміртай.

"ТеңізШеврОйл" өкілдерінің айтуынша, компания ел бюджетіне бір жылдың ішінде 1 триллион 700 миллион теңге берген.

Компанияның бас директоры қалада жоқ. Айтылған талаптардың барлығын қараймыз. Заңсыз айтылған нәрселерге біз ере алмаймыз. Бәрі заңға сай болады,

—деп жауап берді компания өкілі Рзабек Артығалиев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров