Ресей

Ресей Украинамен соғысқа Сириядан арнайы жалдамалы әскер жинап жатыр

Олжас НҰРЖАҚЫП

© AP

Ресей Федерациясы Украинамен соғысқа Сирия мемлекетінен арнайы жалдамалы сарбаздар жинауға көшті.

Қазірдің өзінде орыс әскерімен бірлеспекке 16 мыңға жуық ерікті жиналған, деп хабарлайды Экспресс К.

Bbc ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Ресей Украинамен соғысқа Сириядан еріктілер жинап жатқанын растаған. Қазірдің өзінде әскер қатарына Дамаск, Ракку, Алеппо сынды 14 ірі өңірде сарбаздарды қабылдап жатыр.

Сириядағы бірқатар әлеуметтік желіде де осы мақсаттағы хабарлама тоқтауыз таратылып жатыр. Ол жерде майдан шебінде соғысуға ерік білдіргендерге 7 мың доллар, ал тылда көмек қолын созуға ниеттілерге 3,5 мың доллар төленетіні жазылған.

Бірқатар араб баспасөзінің жазуынша, Сириялықтар мұндай қадамға аштықтың салдарынан қосылып жатқан көрінеді. Отбасын асырау үшін ерік білдіргендердің 80 пайызы бір үзім нан үшін келісімін берген.

Сириядағы жағдайды ескерсек, Ресей үшін Украинамен соғысуға ерік білдіруші жалдамалылар қатары алдағы уақытта өсуі мүмкін екені де жазылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров