Ақтөбе облысы

"Жақсы әкім екен". Оңдасын Оразалинді мақтап жазған орынбасары күлкіге қалды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Оңдасын Оразалин

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді "кабинетінде отырмайды" деп мақтаған орынбасарының жазбасы тарады.

Бастығын мақтаған шенеуніктің жазбасын журналист Жаңалық Ақаш желіге жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Telegram арналардың бірінде су тасқынына байланысты Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің көшеге шыққаны туралы жазылған. Осы ақпараттың астына аймақ басшысының орынбасары Руслан Қамбаров пікір қалдырған екен.

Кабинетінде отырмайтын жақсы әкім екен,

— деп мақтаған шенеунік.

telegramtelegram
telegram

Бірақ орынбасардың бұл пікірі кейін өшіріліпті. Жазбаны суретке түсіріп алған журналист шенеуніктің әрекетін келеке қылды.

Оңдасын Оразалиннің тасқынға қатысты көшеге шыққаны туралы ақпарат астына әкімнің бірінші орынбасары Қамбаров алғашқылардың бірі болып пікір қалдырыпты. Ол екенін ешкім білмей қалады деп ойлады-ау. Танып қойған соң өшірді,

— деп жазды Жаңалық Ақаш.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров