Әбілқайыр Сқақов

"Аяз атам боласыз ба?". Әкім қамкөңіл баланың арманын орындайды

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Әбілқайыр Сқақов

Павлодар облысының басшысы ерекше қажеттілігі бар қыз балаға компьютер сыйлауға уәде берді.

Ертіс ауданының тұрғындарымен кездесу өткізуге барған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовқа кішкентай қыз хат жазды, деп хабарлайды Экспресс К Pavlodarnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Жиын барысында Ботагөз Қарашина есімді көпбалалы ана өз қызының облыс әкіміне жазған хатын оқып берді.

Сәлеметсіз бе, әкім аға? Менің есімім — Айлана. 10 жастамын. 3-сыныпта оқимын. Анашымның көмекшісімін. Оқуымды 5-ке оқимын. Бірақ қазір бір арманым бар. Компьютерім болса екен деймін. Аяз ата жоқ екенін білемін. Сіз менің аяз атам бола аласыз ба?,

—деп жазылған хатта.

Айлана хатында болашақта дәрігер болып, өзі сияқты балаларды емдегісі келетінін жазған. Облыс әкімі оқушы сыйлықсыз қалмайтынын айтты.

Айланаға сәлем айтып барыңыз. Әрине, мен Аяз ата бола алмаймын. Бірақ әкім ретінде емес, азамат ретінде кішкентай балаға сыйлығымды жолдаймын,

—деп жауап берді Әбілқайыр Сқақов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров