Шашу

Тойда шашуға таласқан әжелер қонақтарды таптап кетті

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Ауылдағы тойда қонақтар ақшаға таласып, отырған адамдарды басып кете жаздады. Бұл туралы желіде тараған бейнежазбада жария болды.

Тойда бірін бірі таптап жүріп ақшаға таласқандар жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде тараған бейнежазбада ауылда топ адамның далада отырғаны байқалады. Арасында жыр айтылып жатқанда әлдекім бір уыс қағаз ақшадан шашу шашады. Жапа-тармағай ақшаға таласқандар отырған жұртты баса-көктеп өте шыққан. Ақ жаулық киген әжелерге дейін ақшаға таласып, балалармен жағаласып жүргенін көргендер таңданыстарын жасыра алмады.

Әлеуметтік желіге бейнежазбаны жариялаған автор беташар рәсіміне ұқсас шара Қызылорда облысында өткен болуы мүмкін екенін жазды.

Кеңінен талқыланған бейнежазбаға қатысты қолданушылар түрлі пікірлерін қалдырған. "Өткенде палауға таласып еді, енді ақша үшін алысып жатыр", "Балалардікі белгілі, ал ана әйелдерге не жоқ?", "Шашуды тек балалар теретін еді", "Тапталып өлетін болды-ау", деп ойларын ортаға салды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров