GGG

Головкин Муратаға қарсы жекпе-жегі үшін қанша миллион доллар алады?

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/gggboxing

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері жапониялық Риота Мурата жекпе-жегінің гонарарлары белгілі болды.

9 сәуір Сайтамада өтетін жекпе-жекте Головкин 12,1 миллион доллар, Мурата 4,1 миллион доллар таза сыйақы алады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жапонияның Сайтама қаласында өтетін жекпе-жекке 6 күн қалды. Көптен күткен бокс кеші екі спортшы үшін өте маңызды. Әсіресе, Головкиннің алдағы мансабына тигізетін әсері зор. Өйткені, GGG жеңіске жетсе, Сауль "Канело" Альвареспен кездесуге бір табан жақындайды. Сарапшылардың пікірінше, трилогияға осы жылдың күзінде нүкте қойылуы керек.

9 сәуірде өтетін кездесуде Головкин де, Мурата да қомақты ақша табады. Головкин 12,1 миллион доллар алса, Мурата 4,1 миллион доллар сыйақыға қол жеткізеді. Бұған әлі билеттер мен DAZN-нан түсетін пайыздар қосылатынын айта кетейік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров