Шоу-бизнес

Айгүл Иманбаева шашын жұлған ер адамға қандай шара қолданбақ?

Экспресс К

Видеодан кадр

Шымкентте Айгүл Иманбаеваның шашын жұлған ер адамның видеосы әлі күнге дейін қазнетте қызу талқыланып жатыр.

Желіде тараған бейнетаспаға қатысты танымал әншінің өзі Экспресс К тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

"Шашымның жұлғанын сездім. Қатты тартқанда түбімен ауырып кетті. Видеоға біздің балалар түсіріп тұрған. Бірақ, ол байқады ма, байқамады ма білмедім. Осы оқиғадан кейін Instagram-дағы оқырмандар ол кісіні жазалау керек екенін жазып жатыр. Құдайдың жазасынан мықты жаза жоқ қой! Қолдан жасап не қыламыз? Қандай ниетте жұлды, қандай ниетпен алды, мен білмеймін. Ол адамды іздеп, сұрастырған жоқпын", — дейді Иманбаева.

Айгүл дәл осы оқиғадан кейін халықтан сәл сескеніп қалғанын ашық айтты. Бұдан былай ауқымды концерттерде ұйымдастырушылар күзетті күшейтсе деген ұсынысы бар.

"Халықты жақсы көресің, адамның бәрі бірдей емес қой. Осындай бірен-сарандары бар. Халықтың ниетін, ықыласын көріп тұрғанда қасында болғың келеді, энергия алмасқың келеді. Оның үстіне наурыз мерекесі. Бірақ, меніңше халықтың ортасында жүргенде енді күзет керек сияқты", — деп түйіндеді Айгүл.

instagram.com/aigul_imanbayevainstagram.com/aigul_imanbayeva
instagram.com/aigul_imanbayeva

Айта кетейік, ғаламторды шулатқан оқиға Наурыз мейрамы күні Шымкент қаласындағы алаңда болған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров