Newscorr

Newscorr: Алматы облысында кішкентай қызды көлік қағып кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматы облысында көшеден өтпек болған кішкентай қызды жол талғамайтын көлік қағып кетті.

Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Оқиға Алматы облысы, Тұздыбастау ауылында болған. Бейнежазбада көше бойымен жүріп бара жатқан жол талғамайтын көлікті көруге болады. Қарама-қарсы бағытта келіп тоқтаған автобустың арт жағынан кішкентай қыз жүгіріп шығады. Артынша көлігін тоқтатып үлгермеген жүргізуші жасөспірімді қағады.

Көше жиегіне аунап құлаған қызға көмек қолын созу үшін сол маңдағы азаматтардың жиналғанын байқайсыз.

ЭК аталған жайт бойынша Алматы облыстық полиция департаментіне сұрау салды.

"Жол-көлік оқиғасы 1 сәуірде Талғар ауданындағы Тұздыбастау кентінде болған. 9 жасар оқушысы белгіленбеген жерден жүгіріп өтпек болғанда Toyota Land Cruiser көлігінің астына түскен. Дәрігерлер кәмелетке толмаған балаға жабық бас сүйек жарақаты және миының шайқалуы диагнозын қойды. Медициналық тексеруден кейін жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді", — деп жауап берді Алматы облыстық полиция депортаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ 51 жастағы джип жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Медициналық куәландыруға сәйкес, ер адам жол апаты кезінде ішімдік ішпегені анықталған.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров