Елдос Сметов

Елдос Сметов жаңа салмақта күресіп жеңіліп қалды

Есен ҮРКІМБАЙ

instagram.com/eldos60kg

Анталияда дзюдодан Гранд Слэм турниріне қатысқан Елдос Сметов жаңа салмақта сынға түсіп, ұтылып қалды. Бұл жарыс оның Токио Олимпиадасынан кейін күрескен екінші жарысы.

Түркияда дзюдодан өтіп жатқан турнирде 66 келіде күрескен Елдос Сметов Моңғолия спортшысынан айласын асыра алмады, деп хабарлайды Экспресс К.

Анталияда жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирде Елдос Сметов бірінші кездесуінде кубалық Орланда Полансоны айқын ұтты. Екінші кезеңде отандасымыз моңғолиялық Башхуу Йондонперенлейге голдон скорда шидомен есе жіберді.

Бұған дейін 60 келіде күресіп Рио және Токио Олимпиадасының жүлдегері атанған Елдос Сметов жыл басында салмақ ауыстырған болатын. Ақпан айында 66 келіде алғаш рет сынға түсіп, Израилде өткен Гранд Слэм турнирінің екінші айналымында ұтылған.

Осы салмақта күрескен тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев та алғашқы кездесуін жеңіспен бастағанымен, келесі белдесуінде испан спортшысына жол берді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров