Әскери көлік

"Ресей әскері Арқалықта жүр". Қалалық прокуратура не дейді?

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде ресейлік әскери техникалардың Арқалық көшелерімен өтіп бара жатқан видеосы тарады.

Бейнежазбаға байланысты қалалық прокуратураның өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Видео авторы Арқалықта Ресей әскері жүргенін айтады. Алайда жергілікті прокуратура қала тұрғынының бұл "күдігін" жоққа шығарды.

Бүгін, 1 сәуірде Арқалық арқылы өткен әскери техникалар іздеу-құтқару операциясынан келе жатыр. Олар 2022 жылғы 30 наурызда Жезқазғанның оңтүстік-батыс аумағына қонған ғарышкерлерге көмекке келген,

— деп жазылған қалалық прокуратура хабарламасында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров